Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, мал жайылымында жайылып жүрген 600-ден астам бас қойының ішінен үшеуін белгісіз біреулер ұрлап кеткен.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеуге алды.
Нәтижесінде күдікті ретінде 4 жас жігіт анықталды. Тексеру кезінде қылмысқа қатысы бар төрт жігіттің мал ұрлап кетіп бара жатқан сәтте жол апатына ұшырағаны белгілі болды.
Олар қарсы бағытта келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысқан. Жас жігіттер ауруханаға жеткізіліп, мамандардан алғашқы көмек көрсетілді. Қазіргі таңда оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Көлік автотұраққа қойылып, қойлар иесіне қайтарылды.