Түркістан облысында жоқ малды тіркеп, субсидия жымқырғандар сотталды

75

Сот шешімімен мемлекет пайдасына 50 млн теңге өндіріліп, 120 млн теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынды.  

Түркістан облысында жоқ малды тіркеп, субсидия жымқырғандар сотталды Фото: eldala.kz

Түркістан облысында ветеринария қызметінің мамандары мен ауыл тұрғыны 271 млн теңге субсидияны жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында анықталғандай, аудандық ветеринария саласының 4 қызметкері ауыл тұрғынымен келісіп, ақпараттық жүйеге іс жүзінде болмаған 100 мыңға жуық ұсақ малды шаруа қожалықтарының атына заңсыз тіркеген.

Сол арқылы мемлекеттен бөлінген субсидияны алаяқтық жолмен иемденіп, өзара бөліскен.

"Соттың шешімімен кінәлі деп танылған 5 адамның төртеуін 5,2 жылға бас бостандығынан айырылды. Бір адамға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, кейін рақымшылық актісі қолданылды", – делінген сот таратқан хабарламада. 

Прокуратура субсидия жымқыру ауыр қылмыс екенін, мұндай әрекеттер үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу