Түркістан облысында жаңа мақта сорты өсіріле бастады

441

Биыл жергілікті диқандар 61 мың гектар жерге егін екті. Оның ішінде 36,3 мың гектары мақта дақылы.  

Түркістан облысында жаңа мақта сорты өсіріле бастады Фото: Informburo.kz

Мақта дақылынан алынатын өнімділікті және сапасын арттыру мақсатында Өзбекстандық "Globаl Textile" компаниясымен келіссөздер жүргізіліп, алғаш рет жаңа "Намаган-77" тұқымдық шит егілді. Биыл бұл компания Мақтаарал ауданында өзінің мақта қабылдау пункттерін ашып, 10 мың гектар алқаптан шикізат қабылдау жоспарланып отыр. Алдағы уақытта мақта қабылдау зауыттарымен қоса мақтаны терең өңдеу фабрикаларын салу жоспарлануда.

Су арнасы 10 мың гектардан астам алқапқа ағын су жеткізеді. Каналдың жалпы ұзындығы 27 шақырым. 91 ішкі жүйесі толықтай қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта каналдың 5 шақырым бөлігінің бетондары жармасыз күйге түсіп, артық су қабылдай алмайды.

Бұл өз кезегінде вегетациялық маусым кезінде ағын су тапшылығына әкеледі. Осыған орай К-20 каналын толықтай бетондау қажет. Каналды мемлекет меншігіне өткізу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Алдағы уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу