Түркістан облысында жаңа зауыт іске қосылды

978

Түркістан облысында отандық инвесторлар 4 өндіріс кешенін іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында жаңа зауыт іске қосылды

2021 жылғы бірінші жартылдықта өңірде жаңа жобалар жұмысын бастаған. Инвестицияның жалпы көлемі – 3,3 млрд теңге. Нәтижесінде 321 жаңа жұмыс орны ашылған.

"Түркістан" индустриялық аймағында 1,1 млрд теңгеге жол-құрылыс материалдарын шығаратын зауыт іске қосылды. Кәсіпорында 241 адам жұмысқа орналасқан.

"Кентау" арнайы экономикалық аймағында темірбетон бұйымдарын шығаратын кешен ашылды. Жобаны жүзеге асыруға 1,2 млрд теңге жұмсалған. 30 жұмыс орны ашылды.

Ордабасы ауданындағы индустриялық аймақта жеміс-жидек, көкөніс өңдеу кешені жұмысын бастады. Жоба аясында 1,6 мың тонна өнімді сақтауға мүмкіндік беретін мұздату камерасы мен қойма ашылған. Кешенді іске қосуға
824 млн теңге жұмсалған. 

Шардара ауданында түйіршіктелген жемді өндіретін кешен ашылды. Жобаның құны – 200 млн теңге. Соңғы аталған 2 жоба аясында 50 адам жұмыспен қамтамасыз етілген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу