Түркістан облысында жаңа жылда 60-қа жуық сәби дүниеге келді

667

Табалдырықтан аттаған жылдың алғашқы түнінде Түркістан облысында 59 сәби дүние есігін ашты, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.  

Түркістан облысында жаңа жылда 60-қа жуық сәби дүниеге келді

Барыс жылы дүниеге келгендердің 28-і ұл, 31-і — қыз бала.

Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде аналар мен нәрестелердің жағдайы жақсы. Мереке күні кезекші ауысымда нәресте мен анаға күтім жасайтын жоғары білікті дәрігерлер, тәжірибелі акушерлер мен медбикелер жұмыстарын жоғары деңгейде атқаруда.

Сонымен қатар, жедел жәрдем мен алғашқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарының бригадалары да күні-түні кезекшілік қызметті атқарып жатыр. Жалпы, Түркістан облысы демографиялық өсім бойынша республикада көшбасшылар қатарында.

2021 жылы облыста 64 мыңға жуық бала дүниеге келген. Олардың арасында 631 егіз, 12 үшем бар.

Еске салсақ, елордада Жаңа жылда 16 сәби дүниеге келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу