Түркістан облысында жаппай төбелес болды

297

Оқиғаның куәгерлері төбелесті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратқан.  

Түркістан облысында жаппай төбелес болды Фото: бейнеден скриншот

Мақтаарал ауданы Атакент ауылында жаппай төбелес болды.

Кадрларда таяқпен төбелесіп жатқан ер адамдарды байқауға болады. Әлеуметтік желілерде кикілжіңге Өзбекстанмен шекарада жүк көліктерінің өтуін бақылау кезінде бопсалау себеп болуы мүмкін деп жазып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Түркістан облысының полициясы Мақтаарал ауданындағы ауылдардың бірінде бір топ жастың бұзақылық әрекетінің жолын кесті. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жай анықталып жатыр", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу