Түркістан облысында жас келіншек тереңдігі 40 метр құдыққа құлап, көз жұмды

756

Оқыс оқиға 18 наурыз күні таңертең Түлкібас ауданындағы Майлытөбе ауылында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістан облысында жас келіншек тереңдігі 40 метр құдыққа құлап, көз жұмды Фото: Бейнежазбадан

Марқұм ашық алаңда тұрған дренаж құдыққа құлаған.

40 метр тереңдікте ауа болмаған соң, құтқарушылар арнайы құрылғымен оттегіні жіберіп отырған. Арада үш сағат өткен соң беліне арқан байлаған құтқарушылардың бірі тереңде жатқан адамды алып шықты. Алайда жер бетіне шығарылған келіншек көз жұмған.

Қазір оны әлдекімнің итеріп жібергені әлде байқаусызда құлағаны тексеріліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу