Түркістан облысында жас жігіттер ауылдасының малын ұрлаған

172

Қазіргі таңда оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Түркістан облысында жас жігіттер ауылдасының малын ұрлаған Фото: Polisia.kz

Мақтаарал ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде мал ұрлығына қатысы бар күдікті жас жігіттерді қолға түсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қылмысқа қатысы бар жігіттер жергілікті жердің тұрғындар болып шықты. Олар түнгі уақытта жайылымдық жерден сиыр ұрлап, ГАЗель жүк автокөлігіне артып әкеткен.

Содан кейін таң сәріде ұрланған малды Жетісай ауданындағы базарға сатуға қойған. Алайда сата алмаған соң күдіктінің біреуі үйіне апарып жасырған. Жәбірленушіге жарты миллион теңге шығын келтірген.

Тәртіп сақшылары дер кезінде күдіктінің қорасынан қолды еткен малды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу