Түркістан облысында 15 жасар қызды зорлады деген күдікпен өгей әкесі қамауға алынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Бейресми мәлімет бойынша, өгей әке жасөспірім қызды 3 жыл бойы зорлап келген
Сондай-ақ, ер адам оқиғаны видеоға түсіріп интернетте таратамын деп қорқытқан.
Аталған мәселе бойынша Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті ретінде Төлеби ауданының тұрғыны анықталып, ұсталғанын мәлімдеді.
"Полицейлер ҚР ҚК 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті ретінде Төлеби ауданының тұрғыны қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында" - делінген ресми мәліметте.