Түркістан облысында жасы 100-ден асқан 51 ана бар

219

Ең ұзақ жасайтын тұрғындар Төлеби ауданында тұрады.

Түркістан облысында жасы 100-ден асқан 51 ана бар Фото: canva.com

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, өңірде жасы жүзден асқан 57 адам тіркелген.

Оның 51-і ақ жаулық әже болса, алтауы ер адам, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ, ғасырмен құрдас 10 адам бар болса, 101-106 жас аралығында 45 адам тұрады. Ал, Жетісай қаласының тұрғыны ең ұзақ жасаған ақ жаулықты әже атанып отыр. Кейуана биыл 110 жасқа толса, Қазығұрттық қария 108-ші көктемін қарсы алмақ.

Ғасыр жасаушылардың көпшілігі Төлеби ауданында қоныстанған. Яғни, мұнда жасы 100-ден асқан 9 азаматша бар. Мұнан кейінгі орында Жетісай, Қазығұрт, Түлкібас, Сарыағаш, Бәйдібек аудандары тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу