Әлеуметтік желіде жедел жәрдем қызметкерлері мен тұрғынның төбелесіп жатқан видеосы тарады.
Бұл жағдай Төлеби ауданына қарасты Леңгір қаласында болған.
"Полиция қызметкерлері заңға қайшы әрекетті тоқтатты. "Volkswagen Passat" көлігінің жүргізушісі медициналық куәландыруға жеткізіліп, оның "жеңіл дәрежелі" мас болғаны расталды.
Бұзақылық әрекеттері мен дене жарақатын салу фактісі бойынша ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Тергеу барысында жедел жәрдем жүргізушісі ешқандай шағымы жоқ екені туралы қарсы арыз түсірген. 25 маусымда тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс ҚР ҚПК 35-бабы 1-бөлігі және 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес тоқтатылды" - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ, "Volkswagen Passat" жүргізушісіне жалған нөмірі бар автокөлікті басқару бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, көлік айыптұраққа қойылды.