Түркістан облысында жеміс-жидектерді терең өңдейтін зауыт іске қосылды

392

Кәсіпорын 100 пайыз табиғи, қоспасыз шырын, жеміс пюресі, алма ұнтағы, сондай-ақ балалар тағамына арналған өнімдер шығаруға бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістан облысында жеміс-жидектерді терең өңдейтін зауыт іске қосылды Фото: АШМ

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту және отандық шикізаттың қосылған құнын арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында өңірлерде ондаған инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Осы аяда Түркістан облысының Түлкібас ауданында алма және өзге де жемістерді терең өңдейтін зауыт іске қосылды. 

"Түлкібас жеміс-жидектері" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі заманауи өндіріс стандарттарына сай келеді және Қытайдан жеткізілген жаңа автоматтандырылған жабдықтармен жарақтандырылған. Зауыттың жылдық өндірістік қуаты 5 мың тоннаға дейін алма өңдеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда кәсіпорында тәулігіне 30 тоннаға дейін алма өңделіп, Ayim брендімен шығарылатын дайын өнімдер сауда желілерінде сатылуда.

"Кәсіпорын толықтай өз шикізатымен қамтамасыз етілген. 300 гектар аумақтағы алма бақтарынан жиналған өнімнің бір бөлігі өңдеуге жіберілсе, қалған бөлігі сыйымдылығы 2 мың тонналық кооперативтің жеміс сақтау қоймасында сақталып, қыс мезгілінде нарыққа шығарылады. Алдағы уақытта зауыт жергілікті бағбандардан стандартқа сай келмейтін алмаларды қабылдап, өңдеуді жоспарлап отыр. Бұл аудан фермерлері үшін қосымша қолдау болмақ", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу