Түркістан облысында жерге орналастыру бөлімінің басшысы қамауға алынды

579

Оған жеке кәсіпкерді 18 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген айып тағылды

Түркістан облысында жерге орналастыру бөлімінің басшысы қамауға алынды Фото: УН

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы және оның сыбайласына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Олар жеке кәсіпкерді 18 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп күдіктенуде. Қаражат Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін беруге арналған.

Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу