Түркістан облысында жоғалған әйел іздестіріліп жатыр

638

Ол 31 шілде күні үйінен шығып, қайтып оралмаған.

Түркістан облысында жоғалған әйел іздестіріліп жатыр Фото: Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері 38 жастағы жоғалған әйелді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

1 тамыз Мақтаарал аудандық ПБ-ге жергілікті тұрғын, 1985 ж.т Гүлсім Нарджигитованың жоғалғаны туралы хабарлама  түсті. 31 шілде сағат 11:00 шамасында үйінен Дихан ауылына шығып, содан қайтып оралмаған. Факт полиция бөліміне тіркелді.  

Әйелді іздеуге полиция бөлімінің жеке құрамы бірден бағыт алды. Әйелдің белгілері жазылған, фотосуреттері бар ақпарат барлық қалалық және аудандық ПБ-гн жіберілді. Жергілікті тұрғындардан құрылған еріктілермен бірге әйелдің баруы мүмкін барлық жақын аумақтар тексерілуде.  

Дихан ауылында аудан әкімінің, прокуратураның, аудандық полиция бөлімі басшылығының, ауылдық билердің, мешіт имамының және ауыл әкімінің қатысуымен штаб құрылды. 

Белгілері: бойы 160 см, орта денелі, шашы ұзын қара түсті. Үстіне қызыл көйлек, ақ түсті жазғы аяқ киім киген. Қызыл сөмкесі мен ұялы телефоны болған.  

"Қандай да бір ақпарат болса, 8-725-41-21-2-02, 8-747-541-62-56, 102 телефондары бойынша хабарласуыңызды сұраймыз", делінген полиция хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу