Түркістан облысында жоғалған оқушының денесі каналдан табылды

737

Інжудің канал суына құлап кеткенін құрбысы бір күн бұрын мойындады. 

Түркістан облысында жоғалған оқушының денесі каналдан табылды Фото: azattyq-ruhy.kz

Қыздың мәйіті 5 күн бойы іздестіру жұмыстарынан кейін бүгін таңғы 10:10-да табылды, деп жазады inbusiness.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Інжудің каналға кетіп, суға құлағанын бірге жүрген құрбысы мойындады. Қыз қорқып,  болған оқиғаны айтпаған. Ал бүгін құтқарушылар кәмелетке толмаған баланың денесін тапты.

25 наурыз күні сағат 17:00-де Інжу ойнауға аулаға шығып, қайтып оралмаған. Құтқарушылар қызды іздеуге бар күшін салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу