Түркістан облысында жоғалған 15 жастағы жасөспірім аман-есен табылды

160

Жасөспірім 21 наурыз күні Ордабасы ауданындағы тұрғылықты мекенжайынан шығып, Түркістан қаласына қыдырып барған.

Түркістан облысында жоғалған 15 жастағы жасөспірім аман-есен табылды Фото: бейнежазбадан

Түркістан облысында жоғалып кеткен 2010 жылы туған Хасен Мардан Ғалымжанұлы облыс полицейлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде аман-есен Шымкент қаласынан табылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Содан кейін жақындарымен байланысқа шықпай, із-түссіз кеткен.

Аталған дерек бойынша Түркістан облысы полиция департаментінің және қалалық полиция басқармасы қызметкерлері бірден іздестіру жұмыстарын бастап, тәжірибелі жедел уәкілдер жұмылдырылды.

Баланың ата-анасы ұлының телефоны үйінде қалғанын айтып, оның табылмай жатқанына алаңдаушылық білдірді. Полицейлер жасөспірімнің жүрген бағытын анықтау үшін бейнебақылау камераларын мұқият зерделеп, Түркістан қаласын толық тексерді. Содан соң қосымша көршілес мегаполисте іздестіру жұмыстарын жалғастырды.

Нәтижесінде 15 жастағы жасөспірім Шымкент қаласынан табылды.

Жедел уәкілдер оны ата-анасына табыстады.

Полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарына алаңдаушылық білдірген бұқаралық ақпарат құралдары мен жергілікті тұрғындарға алғыс білдіреді.

Ал ата-аналарға жасөспірім ұл-қызбен жақын сөйлесіп, тиісінше көңіл бөлу қажеттігін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу