Түркістан облысында жоғалып кеткен қыз Алматыдан табылды

91

Анасының айтуынша, жасөспірім күндіз үйден шығып, қайта оралмаған.

Түркістан облысында жоғалып кеткен қыз Алматыдан табылды Фото: Polisia.kz

Түркістан облысы Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Қызды іздеу үшін аудандық полицияның жеке құрамы жұмылдырылып, қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Іздеу барысында полицейлер оның таныстарын, байланыстарын және болуы мүмкін жерлерін анықтады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары 15 жасар оқушыны Алматыдан тапты, – делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратта.

Белгілі болғандай, ол мегаполиске өз бетімен кетіп, серуендемек болған. Қыз аман-есен үйіне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды.

Қазіргі уақытта полицейлер жасөспіріммен профилактикалық әңгіме өткізді, сондай-ақ оның ата-анасына да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу