Іздеу жұмыстарының барысында құтқарушылар жоғалып кеткен екі адамды да тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Түлкібас ауданының екі тұрғыны мал іздеуге шығып, ауа райының қолайсыздығынан жолда адасып кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың және жергілікті тұрғындардан құралған 48 адам мен 4 техника, 2 дрон аппараты жұмылдырылды. Жедел іздестіру тобы Шыңбұлақ ауылынан 1989 жылы туған азаматын тірідей тауып, қауіпсіз аймаққа алып шықты. Өкінішке қарай, 1975 жылы туған азаматтың мәйіті табылды", - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу