Түркістан облысында жол ережесін бұзған 30 мыңнан астам жағдай анықталды

367

Бейнебақылау жүйелері арқылы қауіпті құқық бұзушылықтар дер кезінде тіркеліп, жүргізушілер жауапкершілікке тартылуда.  

Түркістан облысында жол ережесін бұзған 30 мыңнан астам жағдай анықталды Фото: kaz.caravan.kz

Түркістан облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері тәулік бойы жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйелері арқылы жол ережесін бұзу деректері анықталып, тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Жыл басынан бері бейнекамералардың көмегімен жол қозғалысы қағидаларын бұзудың 30 мыңнан астам дерегі тіркелген. Оның ішінде 22 жүргізушінің қарсы бағытқа шыққаны анықталды.

Солардың бірінде Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, өзге көлік жүргізушілеріне қауіп төндірген. Оқиға туралы ақпарат түскеннен кейін жедел басқару орталығы патрульдік полиция жасағына бағыттама беріп, құқық бұзушы қысқа уақыт ішінде анықталды.

Жүргізушіге қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шара қолданылды.

Полиция департаменті заманауи бейнебақылау жүйелері мен патрульдік полиция жасақтарының бірлескен жұмысы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Тәртіп сақшылары барлық жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу