Түркістан облысында жол ережесін бұзған той кортежінің жүргізушілері жазаланды

146

Жол қозғалысы ережелерін бұзған 8 автокөлік мамандандырылған айыптұраққа қойылды.  

Түркістан облысында жол ережесін бұзған той кортежінің жүргізушілері жазаланды Фото: polisia.kz

Түркістан облысында үйлену тойы кортежінің жүргізушілері жауапқа тартылды. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралардың нәтижесінде құқық бұзушылыққа жол берген жүргізушілер анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полицейлер Түркістан облысы Төлеби ауданының аумағында үйлену тойы кортежіне қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын анықтады.

Құқық бұзушыларға қатысты көлік құралдарын пайдалану қағидаларын және маневр жасау ережелерін бұзу, арнайы жарық және дыбыс сигналдарын заңсыз пайдалану, сондай-ақ авариялық жағдай туғызу фактілері бойынша әкімшілік шаралар қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу