Түркістан облысында жол инфрақұрылымын дамытуға 20 млрд теңге бөлінеді

1033

Биыл өңірдегі автомобиль жолдарының сапасын арттыруға баса мән беріледі.

Түркістан облысында жол инфрақұрылымын дамытуға 20 млрд теңге бөлінеді

2021 жылы Түркістан облысында жол саласын дамытуға 20 миллиард теңге қарастырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтемемен.

Биыл жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 81,4%-ға арттыру көзделіп отыр. 

Өткен жылы өңірдегі автомобиль жолдарын дамытуға бюджеттен 54,8 миллиард теңге бөлінген. Осы орайда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов бұл жұмыс биыл да жалғасатынын атап өтті.

"Биыл жол саласын дамытуға бюджеттен 19,9 миллиард теңге қаралып отыр. 156 нысан немесе 538 шақырым жол мен көшелерде жұмыс жүргізіледі", - деді ол Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылы Түркістан қаласындағы әуежайға баратын автомобиль жолы, Түркістан-Кентау, Түркістан-Балтакөл, Кентау-Ащысай, Шымкент-Ақсукент, Ақсукент-Қарамұрт, Шымкент-Сайрам, Шарапхана-Жаңабазар бағытындағы жолдар пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандарындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жаңарту жұмысы аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу