Түркістан облысында жолда қалған 35 адам құтқарылды

647

Құтқару жұмыстарына ТЖД-ның 13 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.  

Түркістан облысында жолда қалған 35 адам құтқарылды Фото: gov.kz

Түркістан облысында көктайғақ салдарынан жолда қалып қойған 35 адам құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қарашада 112 пультіне Ащысай асуындағы Кентау-Шолаққорған автожолының 55-шақырымында көктайғаққа байланысты жолаушылары бар 2 жүк және 8 жеңіл автокөліктен тұратын кептеліс пайда болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген құтқарушылар 2 жүк және 8 жеңіл автокөлікті сүйреп алып шықты. 35 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу