Түркістан облысында жолда көлік люгінен шығып торт пісірген ерлі-зайыпты жауапқа тартылды

702

Қауіпті кадр полиция назарына ілініп, тәртіп сақшылары KIA Ceed автокөлігін және оның жүргізушісін жедел анықтады.  

Түркістан облысында жолда көлік люгінен шығып торт пісірген ерлі-зайыпты жауапқа тартылды Фото: polisia.kz

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында қозғалыстағы көліктің люгінен денесін шығарып, жол үстінде торт әзірлеген әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында көлікті 36 жастағы ер адам – әйелдің жұбайы басқарғаны, ал 35 жастағы әйел люктен шығып, торт әзірлегені белгілі болды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұзған ерлі-зайыптыға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

Құқық қорғау органдары әлжеліге видео түсіру кезінде қауіпсіздік талаптарын елемеуге болмайтынын ескертті. Полицияның айтуынша, қаралым жинау немесе ерекше контент жасау мақсатындағы қауіпті әрекеттер жолдағы өзге адамдардың өміріне де қауіп төндіруі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу