Түркістан облысында жолды қардан тазалау жұмысы жалғасып жатыр

398

Аудан аумағын қардан тазалау жұмыстарына 12 техника, 32 маман жұмылдырылған. 

Түркістан облысында жолды қардан тазалау жұмысы жалғасып жатыр Фото: gov.kz

Төлеби ауданына қарасты облыстық, аудандық маңызы бар жолдар мен ішкі көшелерді қардан тазалау жұмысы тәулік бойы жүргізіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz Түркістан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Жолға жауапты мамандар, коммуналдық сала қызметкерлері қардан тазарту және инертті материалдар себу жұмыстарын тоқтаусыз атқаруда. Сондай-ақ, елдімекендерде сала мамандары тұрғындармен байланысқа шығып, ауызсу, электр желісі, газ саласы бойынша туындаған мәселені дер кезінде шешу мақсатында жұмыстар жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу