Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаменті ЖШС-ге тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесінің пайдалануына қатысты тексеру жүргізді.
Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны белгілі болды. Департамент берген бұл заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы серіктестік мерзімінде орындамады.
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен серіктестікке тиесілі көлемі 29,0 гектар жер учаскесі мемлекет мемлекет меншігіне қайтарылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу