Түркістан облысында жүк көлігі мен тепловоз соқтығысты: жолаушылар пойызы кешікті

171

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы пойыздардың жүру кестесіне әсер еткен.

Түркістан облысында жүк көлігі мен тепловоз соқтығысты: жолаушылар пойызы кешікті Фото: Видеодан скриншот

8 тамыз күні сағат 04:30-да Қызылсай–Шымкент аралығындағы күзетілетін теміржол өткелінде HOWO маркалы жүк көлігі маневрлік тепловозбен соқтығысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Болжам бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, жақындап келе жатқан құрам алдында өткелге шығып кеткен. Қайтыс болғандар жоқ, жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

Апат салдарынан 3 жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Сағат 07:18-де учаскеде қозғалыс толық қалпына келтірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу