Түркістан облысында жүк көлігіндегі өрт сөндірілді

345

Өрт салдарынан жүк көлігі мен тіркеме толық жанып, майдың бір бөлігі жолға төгілген.  

Түркістан облысында жүк көлігіндегі өрт сөндірілді Фото: Бейнежазбадан

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Рабат ауылынан 8 шақырым жерде, республикалық маңызы бар "Алматы–Термез–Ташкент" автожолында болған.

Төтенше жағдай кезінде тіркемесі бар жүк көлігі мен шамамен 1 гектар аумақтағы құрғақ шөп жанған. Көлікте 22 тонна синтетикалық май болған.

Өрт салдарынан жүк көлігі мен тіркеме толықтай жанып кеткен. Сондай-ақ синтетикалық майдың бір бөлігі жолдың жүру бөлігіне төгілген.

Түркістан облысы мен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазір оқиға орнында жол қызметінің мамандары төгілген майдың салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жұмыс шамамен 500 метр жол учаскесін қамтиды.

Өртті сөндіруге ТЖМ-нің 20 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу