Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы "Жасыл аймақ" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тексеру жүргізіп, мекеме қызметкерлері алдында еңбекақы бойынша берешек қалыптасқанын және жалақы төлемдерінің толық көлемде төленбегенін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, оның нәтижесінде 548 жұмысшыға жалпы сомасы 28 710 432 теңге еңбекақы толық көлемде төленді.
Осылайша, қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген еңбек құқықтары қорғалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу