Жұмысшы мамандықтарыға берілетін гранттар 1000 орынға ұлғайтылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау бағытында үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі екі есеге өседі деп күтілуде. Бұл – колледждердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, педагогтардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазір өңірдегі 50 колледжде 45 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Биыл облыстағы арнайы білім беру мекемелеріне 15 мыңнан астам грант бөлінуде. Сонымен қатар, жаңадан 11 жұмысшы мамандығына лицензия алынады.
Айта кетейік, облыста "WOOSONG-TURKISTAN" IT университеті бой көтеріп жатыр. Онда 4 факультетте 2340 студент "Жасанды интеллект және үлкен ақпараттар талдауы", "Бағдарламалық қамтамасыз ету", "Әлемдік төртінші IT өнеркәсіптік революция", "Мультимедия және Web дизайн" мамандықтары бойынша білім алады.