Түркістан облысында жүзден астам адам жинап, той өткізгендер айыппұл төледі

937

Түркістан олысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес 27 қыркүйектен бастап 100 адамнан асырмай отбасылық іс-шараларды өткізуге рұқсат берілген.

Түркістан облысында жүзден астам адам жинап, той өткізгендер айыппұл төледі

Дегенмен бұл шектеулерге өңір тұрғындарының құлақ асар түрі жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметіне сүйеніп.

Сарыағаш және Жетісай аудандарында мониторингтік топ кезекті рейд барысында 200-ге жуық қонақ шақырылған мерекелік іс-шараларды анықтады. Ал Келес ауданының тұрғыны жеке үйінің ауласында шектен тыс адамның қатысуымен той өткізген. СЭБД-нің Қаулысы талаптарын орындамағандығы үшін кінәлі тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес айыппұлдар салынды.

Облыста карантин талаптарының сақталуына бақылау жүргізетін 120 мониторингтік топ жұмыс жасайды. Жыл басынан бері бүгінге дейін 4 711 карантин талаптарын бұзушылық анықталып, 264 427 000 көлемінде айыпұл салынды.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шектен тыс адам жинай отырып, іс-шараларды өткізуге қойылған шектеулер карантин талаптарын бұзушылықтар санын айтарлықтай азайтуға өз септігін тигізгендігін атап өтеді.

Атап айтқанда, тамыз айында 527 бұзушылық анықталса, қыркүйекте – 360, қазанда – 184, қарашада – 44 дерек анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу