Түркістан облысында жылыжай салғысы келген инвесторлар әкімдіктен ақша сұрады

1580

Шетелдік кәсіпкер жылыжайға су мен газ тарту үшін Өмірзақ Шөкеевтен жергілікті қазынадан 5 млрд теңге бөлуін сұрады.

Түркістан облысында жылыжай салғысы келген инвесторлар әкімдіктен ақша сұрады

Ресейлік инвесторларТүркістан облысында үлкен жылыжай салуға ниетті. Жылыжай үшін қалталарынан 1 млрд 100 млн теңге шығармақ. Алайда, олар өз қаржыларынан бөлек облыс әкімінен жергілікті қазынадан 5 млрд теңге бөлуін сұрап отыр, деп хабарлайды otyrar.kz.

"Жобаны іске асыруға 6-7 жыл уақыт кетеді. Біз жылыжайларды Ресейде де, Өзбекстанда да салғанбыз. Алайда көлемі 500 гектар жылыжай салып көрмегенбіз. Бұл ең үлкені болайын деп тұр. 10 000 жұмыс орны ашылады",– дейді "Эко-культура" агроөнеркәсіптік холдингінің президенті Александр Рудаков.

Шетелдік кәсіпкер жылыжайға су мен газ тарту үшін Өмірзақ Шөкеевтен жергілікті қазынадан 5 млрд теңге бөлуін сұрады.

"Газ жақын жерде. Энергетика да жақын орналасқан. Су 1,5 шақырымда болса, ол да қиын емес. Бұл үлкен сома. Болмаса, жерді ауыстыру керек. Облыста жылыжай салуға болатын жер көп қой",– деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ресейліктермен кездесуде.

Сөйтіп екі апта көлемінде нақты жауабын беруге уәде берді.

"Не мәселені шешетін боламыз, не болмаса басқа аумақтан жер бөлеміз",– деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу