Түркістан облысындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде газ жарылды

163

Бұл туралы "QazaqGaz Aimaq" акционерлік қоғамының баспасөз қызметі мәлім етті. 

Түркістан облысындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде газ жарылды Фото: Бейнежазбадан

Отырар ауданының Шәуілдір ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде газ-ауа қоспасының жарылысы болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстың себебі – газ жүйесіне өздігінен қосылу әрекетінен болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға салдарынан бір адам жарақат алды, бірнеше пәтерге зиян келгені тіркелді. Газ беру уақытша тоқтатылды, желілерге тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Газға өз бетімен қосылуға қатаң тыйым салынады, адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне зор қауіп төндіреді. Газ жабдығын қосу мен қызмет көрсету жұмыстарын тек лицензиясы бар мамандар ғана жүргізуі тиіс", – деп ескертті "QazaqGaz Aimaq" АҚ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу