Түркістан облысындағы оқушы өліміне қатысты тексеру жүріп жатыр

788

Түркістан облысында бесінші сынып оқушысының өліміне қатысты тексеру басталған. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Түркістан облысындағы оқушы өліміне қатысты тексеру жүріп жатыр

"Түркістан облысындағы мектепте он жасар бала қайтыс болды. Оны өлімінен бұрын дәретханада соққыға жыққан екен. Мектепте де, аулада да бейнебақылау камералары болған, алайда дәл осы күні камералар істен шыққан. Баланың ата-анасы "бұл мектепте оқушылар бір-бірінен ақша талап етеді" дегенді айтады. Айтыңызшы, мектептің өзінде тексерулер бола ма? Министрлік қандай шаралар қабылдай алады, осы жағдайға байланысты қандай да бір жаза немесе жұмыстан босату бола ма?" – деп сұрады "КТК" телеарнасының журналисі.

Шолпан Каринова баланың өлімі – үлкен трагедия екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл факт белгілі болғаннан кейін Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері Түркістан облысына барып, сол жерде жұмыс істеп жатыр. 

"Тексерулер қорытындысы бойынша, барлық ақпаратты береміз. Қорытынды жасауға асығудың қажеті жоқ. Мемлекеттік органдар тиісті іс-шараларды аяқтауға тиіс, тек содан кейін ғана шешім қабылданатын болады", – деді вице-министр.

Ол мектептерде балалар тарапынан ақша талап ету болмауға тиіс екенін айтты.

"Әрбір осындай факт жеке қаралуы керек және ең қатаң шаралар қабылдануға тиіс", – деп түйіндеді Каринова.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу