Түркістан облысындағы 13 елдімекен таратылмақ, деп жазады inbusiness.kz.
"Түркістан облысы Арыс қаласы Ақдала ауылдық округінің Ақын-Жақып, Тоғайлы және Тақыркөл, Түлкібас ауданы Кемербастау ауылдық округінің РЗД-117 және Келтемашат ауылдық округінің Ақсай, Сауран ауданы Қарашық ауылдық округінің Қаратөбе және Шорнақ ауылдық округінің 32-разъезд, Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округінің Қырыққыз, Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық округінің Сөк-Сөк, Дарбаза ауылдық округінің 50-разъезд, Бесқұдық және Жылға ауылдық округінің 49-разъезд, Нұрауыл елді мекендері таратылсын", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған бірлескен қаулы мен шешімде.
Түсіндірме жазбада тиісті құжатты іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар талап етілмейтіні көрсетілген.