Түркістан облысындағы өрт: Тірі қалған 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр

102

Ведомство ақпаратына сәйкес, қазір барлығы реанимация бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты.

Түркістан облысындағы өрт: Тірі қалған 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр Фото: naked-science.ru

Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы өрттен кейін медициналық мекемелерге үш адам – екі ересек және бір бала жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– 18 қарашада Жетісай ауданында болған өртке байланысты өңірдің медициналық қызметі зардап шеккендерге жедел түрде көмек көрсетуді бастады. Медициналық мекемелерге үш адам – екі ересек және бір бала жеткізілді. Барлығы реанимация бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты. Науқастарға интенсивті терапияның толық кешені жүргізілуде, олардың жағдайы салалық мамандардың толық бақылауында, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар басқарма жедел медицина желісі бойынша күшейтілген жұмыс тәртібі енгізілгенін мәлім етті.

– Облыстық денсаулық сақтау мекемелерінен қосымша мамандар тартылып, қажетті дәрі-дәрмекпен және психологиялық қолдаумен қамтамасыз етілді. Жағдай Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының бақылауында, – деп атап өтті Денсаулық сақтау басқармасынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу