Түркістан облысындағы тауларда аю жүр

588

Жыртқыш фотоқақпанға түсіп қалған.

Түркістан облысындағы тауларда аю жүр Фото: facebook.com/people/Бақытжан-Қырықбай

Үлкен қоңыр түсті аю Боралдай тауының Бәйдібек ауданына қарасты аумағында фотоқақпанға түсіп қалған, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Сурет анық болмаса да аюдың бейнесін көруге көрінеді.

Бұл туралы  "Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі КММ" Боралдай филиалының директоры Бақытжан Қырықбай Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Көптен бері ізі мен тезегін әр жерге тастап кетіп жүрген "жұмбақ" аю 13 тамыз күні фотоқақпанға түсті. Бұл "Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Боралдай филиалына қарасты ерекше қорғалатын табиғи аумақ учаскесі болып табылады. Қысқасы аюдың мекендеу ортасы Бәйдібек ауданына дейін кеңейді. Алдағы уақытта аюдың түр-түсі мен өзге де ерекшеліктері анықталатын болады", деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу