Түркістан облысындағы Төлеби ауданы жыл соңына дейін 100 пайыз табиғи газбен қамтылады

368

Бүгінде қосымша 105 үйге ГРПШ қойылуда. 

Түркістан облысындағы Төлеби ауданы жыл соңына дейін 100 пайыз табиғи газбен қамтылады Фото: gov.kz

Қазіргі таңда бұл бағытта қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Қасқасу ауылдық округіне қарасты Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу, Керегетас, Кеңесарық елді мекендерін табиғи газбен қамту бағытындағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жалпы 67,11 шақырым ПЭ құбыры, 8,0 шақырым темір құбыры тартылып, 800-ге жуық ГРПШ орнатылды. Мердігер мекеме – "Azia RS" ЖШС. Аталған төрт елді мекенді көгілдір отынмен қамту жұмыстары өткен жылы басталды.

Бұдан бөлек, аудан орталығы – Ленгір қаласына қарасты Күмістөбе, Кенші көшесі, Достық елді мекенінің Астана көшесі, Киелітас елді мекеніндегі Қарауылтөбе және Қорған көшелері, Қарақия елді мекеніндегі Қарақия көшесіне жалпы 13,8 шақырым газ құбыры тартылып, 118 ГРПШ қойылды. Қазіргі таңда құбырларға сығымдау жұмыстары атқарылуда. Бекітілген кестеге сәйкес, құрылыс жұмыстарын аяқтау тамыз айына жоспарланған.

Айта кетейік, бүгінде аудандағы 55 елді мекеннің 51-і орталықтанған табиғи газбен толық қамтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу