Түркістан облысындағы тұқым бақтан 3 миллион түп лимон көшеті алынды

1289

Сарыағаштық бағбан бүгінде кәнігі жергілікті жеміс-жидектерден бөлек, экзотикалық өнімдерді өсірумен айналысып жүр. Алдағы айларда киви, банан және анардың өнімін еселеп, нәтижесінде, бұл жемістердің күнгейдегі құны арзандауы мүмкін екенін жеткізді.

Түркістан облысындағы тұқым бақтан 3 миллион түп лимон көшеті алынды

Сарыағаш ауданындағы тұқым бақтан биыл 3 миллион түп лимонның көшеті алынған. Бұл көрсеткіш — былтырғымен салыстырғанда 2 есеге артық. Бұл туралы "Сарыағаш жер сыйы" ЖШС басшысы Танабай Шынтасов айтты, деп хабарлайды

Айтуынша, бұл жолы жиын-терімдегі лимонның үлесі де анағұрлым артқан. Яғни, 2 жарым мың тоннаға жеткен.

"Бұл лимонның — бесінші жылғы жемісі. Осы уақыт аралығында біз лимонды өсірудің қыры мен сырын меңгердік. Жылдағыдан 20-30 пайыз көп өнім алдық. Егер, аналық ұшқынынан көшет алмағанда, біз 8 тонна лимон жинап алар едік. Бірақ, өзгелерді де ойлап, бағбандар үшін көшеттерді дайындап қойдық", – дейді Танабай Шынтасов.

Айта өтейік, бағбан бүгінде кәнігі жергілікті жеміс-жидектерден бөлек, экзотикалық өнімдерді өсірумен айналысып жүр. Алдағы айларда киви, банан және анардың өнімін еселеп, нәтижесінде, бұл жемістердің күнгейдегі құны арзандауы мүмкін екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу