Түркістан облысындағы жаңадан құрылған төрт ауданның шекарасы бекітілді

793

 Түркістан облысындағы жаңадан құрылған төрт ауданның шекарасы бекітілді

Алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс 27-сессиясында Түркістан облысының таяуда бөлініп, қайта құрылған Жетісай, Мақтаарал, Келес,  Сарыағаш  аудандарының шекаралары бекітілді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

"Өткен аптадағы үкіметтің отырысында аталған аудандардың шекарасын бекіту туралы ұсынысымыз қабылданып, бүгін мәслихаттың сессиясында бекітіп отырмыз. Бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Қайта құрылған Сарыағаш ауданының аумағы 417 мың гектарды құраса, жаңадан құрылған Келес ауданының шекарасы 345 мың 129 гектарды, Жетісай ауданының аумағы 104 мың 600 гектарды, ал Мақтаарал ауданының көлемі 80 мың 760 гектарды құрайтын болады. Осыған орай, аудан әкімдеріне тиісті жұмыстарды қолға алып, ұйымдастыруды тапсырамын", - деді облыс әкімі жиында.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы облыс орталығы - Түркістан қаласына көшу бойынша қызу жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, қыркүйек айында барлық басқармалармен бірге көшетінін жеткізді. Ол үшін шілде, тамыз айларында әкімдікке қарасты мекемелер мен мәслихат аппараты орналасатын ғимараттар дайындалатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу