Түркістан облысында тұрғын үйдегі газ жарылысынан аман қалған әйел жансақтау бөлімінде жатыр

211

Пәтер иесі жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілді.

Түркістан облысында тұрғын үйдегі газ жарылысынан аман қалған әйел жансақтау бөлімінде жатыр Фото: Pixabay.com

Дәрігерлер үш қабатты тұрғын үйдегі газ жарылысынан жарақат алған әйелдің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кеше кешке жедел жәрдем көлігі 1990 жылы туған әйелді Отырар аудандық орталық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізді.

– Жағдайының ауырлығына байланысты науқас шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Санитарлық авиация арқылы Облыстық клиникалық аурухана мамандары шақырылды. Қазіргі уақытта емдеу бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады дәрігерлер.

Айта кетейік, Түркістан облысының Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылындағы үш қабатты, 12 пәтерлі үйде газ жарылысы болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс екінші қабаттағы табиғи газдың шығуынан болған. Жарылыс салдарынан туындаған соққы толқыны үш пәтердің қабырғасын қиратты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу