Күзде Түркістанда халықаралық Woosong University Kazakhstan жоғары оқу орны ашылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған оқу ордасының құрылысы аяқталып, бүгінде талапкерлерді қабылдау жұмыстары жүріп жатыр.
Жергілікті билік аталған бастаманы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесе жүзеге асырмақ.
Түркістан облысы әкімдігі тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру бойынша комиссия өткізіліп, қазіргі таңда 100 грант есептеліп, жергілікті мәслихат сессиясында қолдау тапты. Қабылдау комиссиясы Түркістан қаласындағы "Congress Hall" көпсалалы кешенінде орналасқан.
Заманауи ІТ университетінде 2 мамандық бойынша білім беру жоспарланып отыр. Білім ордасы 2000-ға жуық студентке дейін қабылдай алады.