Түркістан облысының әкімі 3 сағаттан соң ресми мәлімдеме жасады

1463

Әкім Арыс қаласының дерлік көшірілетінін жеткізді. 

Түркістан облысының әкімі 3 сағаттан соң ресми мәлімдеме жасады

Өмірзақ Шөкеев сөзін әскери бөлімде жарылыстың бүгін сағат 09:20 кезінде басталғанын, қазір облыста төтенше жағдай жарияланғанынан бастады.

Оның айтуынша, жарылыс орнына жақын орналасқан барлық аудандар мен елдімекендерге жағдай туралы ескертілген.

Әкім оқиға орнына жеткеннен кейін жағдайдың ауқымына баға бере отырып, қаланы толығымен эвакуациялау керектігін анықтаған. Ол барлық бағыт бойынша көліктер өте алатындығын, тұрғындар арнайы лагерьлерге орналастырылатынын жеткізді.

Әрбір лагерьді аудан әкімдері басқарады.

"Қазір эвакуция мәселесі бар. Біз сонымен айналысып жатырмыз", – деді Өмірзақ Шөкеев.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу