Түркістан облысының әкімі бүркітші қыз Айшолпанға 1 миллион теңге табыстады

962

Түркістан облысының әкімі бүркітші қыз Айшолпанға 1 миллион теңге табыстады

Әлемге танымал бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы бүгін Шардарада өткен халықаралық "Safari Shardara" фестиваліне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Баян-Өлгей аймағынан келген аруға ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін 1 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты табыстады.

"Аққала" демалыс аймағының жағалауында өткен шарада бүркітшілер жиналып, саятшылық өнердің озық үлгісін көрсетті. Солардың қатарында Айшолпан Нұрғайыпқызының өнері жиналған көпшілікті тәнті етті. Өз кезегінде бүркітші қыз да бүгінгі шараның ерекше өткенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу