Мемлекет басшысының Жарлығымен Түркістан облысының әкімі тағайындалды деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын" деп жазылған Жарлықта.
Еске салар болсақ, Кентаудың бұрынғы басшысы Дәурен Махажановқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енген соң, Өмірзақ Шөкеев қызметінен кетуге өтініш жазған болатын.
Дархан Сатыбалды Түркістан облысы әкім болғанға дейін Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі, Сенат депутаты болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу