Түркістан облысының әкімі кісі қолынан қаза тапқан 5 жасар қыздың отбасында барды

4484

Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданына барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістан облысының әкімі кісі қолынан қаза тапқан 5 жасар қыздың отбасында барды Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Жібек жолы ауылында кісі қолынан қаза тапқан 5 жастағы қыздың шаңырағында болып, ата-анасына, жақындарына көңіл айтты. Қайғыларына ортақ екенін айтып, құранға қатысты.

"Өте ауыр жағдай. Қайғыларыңызға ортақпын. Жұбатуға сөз табу қиын. Кішкентай балапанның ауыр қазасы бәрімізді күйзелтті. Қазір күдікті ұсталды. Заң аясында қатаң жазаланады", – деді облыс әкімі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу