Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қажетіне жоспарланған су көлемінің 82,6 пайызы алынды

124

Бүгінгі таңда өңір бойынша жалпы су алу көлемі 3,011 млрд текше метр, ал жоспарланған лимит – 3,645 млрд текше метр.   

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қажетіне жоспарланған су көлемінің 82,6 пайызы алынды Фото: Су ресурстары және ирригация Министрлігі

Қалған 17,4% суару маусымы аяқталғанға дейін алынады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Атап айтқанда, Жетісай және Мақтаарал аудандарының егістік жерлерін суаратын "Достық" мемлекетаралық каналынан алынған су көлемі 787,7 млн текше метр. Ал Отырар, Шардара аудандары мен Арыс қаласын сумен қамтамасыз ететін "Қызылқұм" магистральдық каналынан алынған су мөлшері 947 млн текше метр.

Вегетация кезеңі басталғалы бері Түркістан облысындағы "Қазсушар" филиалы диқандармен су беру бойынша 9 608 келісімшарт жасасқан.

"Жалпы алғанда Қазақстанның оңтүстігіндегі бес өңірде су алу көлемі 7,9 млрд текше метрге жетті. Вегетация кезеңінің соңына дейін тағы 2,2 млрд текше метр су алу жоспарланып отыр. Қазір Түркістан облысында егістіктер кезекпен суарылып жатыр. Аймақтағы министрліктің жұмыс тобы суармалы судың әділ бөлінуіне тұрақты бақылау және мониторинг жүргізуде", – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

Қазақстанның оңтүстігінде вегетация кезеңі биыл 20 күнге ерте басталғанын еске сала кетейік. Оған себеп – ауа температурасының жоғары болуы мен жауын-шашынның болмауы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу