Түркістан облысының Бәйдібек ауданында алғаш рет үшем дүниеге келді

520

Бәйдібек ауданының тұрғыны 3 ұл босанды. 

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында алғаш рет үшем дүниеге келді Фото: gov.kz

Үшемдер туылғанынан 4 күннен кейін №2 облыстық перинаталдық орталығына ауыстырылған. Жаңа туған нәрестелерге Арслан, Алихан, Асылхан есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 1290 гр, 1230 гр және 1115 гр болды.

Мерзімінен ерте дүниеге келген үшем перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған.

Медицина қызметкерлері ана мен балаларына көмек көрсетіп, тиісті шараларды қабылдады. Балалардың жағдайы тұрақты.

Батыр ана бұған дейін 2 перзентті дүниеге әкелген. Енді көпбалалы отбасына айналып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу