Түркістан облысының бес ауданындағы кей ауылдар жарықсыз қалды

1074

"Оңтүстік Жарық" мекемесінің жедел-құтқару жасағы электр желілерін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. 

Түркістан облысының бес ауданындағы кей ауылдар жарықсыз қалды

Түркістан облысының бес ауданындағы (Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Кентау және Арыс қалалары) кей елді мекендерде электр тасымалдау желілері үзілген, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ауа-райының күрт нашарлауы салдарынан (екпінді жел 25-28 м / с дейін күшейіп, жаңбырдың арты қарға айналды) Түркістан облысының бес ауданындағы (Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Кентау және Арыс қалалары) кей елді мекендерде электр тасымалдау желілері үзілген. Түні бойы және қазіргі уақытта "Оңтүстік Жарық" мекемесінің жедел-құтқару жасағы электр желілерін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл аумақтарда 20-дан астам бригада, 100-ден астам адам, 30-дан астам техника жұмылдырылған", – деп жазылған облыс әкімдігі таратқан хабарламада.

Орын алған жағдай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бақылауында. Барлық мүдделі органдардың қатысуымен штаб құрылды. Жоғарыда аталған аудан, қалалардың әкімдері мен құтқару қызметінің барлық техникалары дайын. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу