Түркістан облысының Қазығұрт ауданында қатты нөсер салдарынан сел жүрді, деп жазады inbusiness.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жігерген ауылдық округіне қарасты Дихан елді мекенінің Дүйсебаев көшесіндегі 6 үйдің ауласына су кірген. Сонымен қатар Айнатас елді мекені Айнатас көшесінде орналасқан 3 үйдің ауласына су жайылғаны анықталды.
Оқиға орнында арнайы 2 техника жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ 20 адам көмекке келген.
Қазығұрт ауданы әкімдігінің хабарлауынша, қазір жағдай бірқалыпты. Кешелі бері тоқтаусыз жауған нөсер салдарынан Төле би ауданында бір балабақша мен жеке сектордағы 25 ауланы және бірнеше көшені су басқан болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу