ТЖМ бөлімшелері түні бойы су сору және инертті материалы бар қапшықтарды төсеу жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, 3 ақпан облыстың көп бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), сондай-ақ температурасының жоғарылауы, қардың қарқынды еруі, еріген қар суы және көлбеу ағынның пайда болуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
"Қазіргі уақытта еріген қар және жаңбыр суларының мол түсуіне байланысты Арыс қаласы арқылы өтетін Қабылсай каналы толып жатыр. ТЖМ құтқару бөлімшелері түні бойы су тасқынына қарсы күресті жалғастырды", – деп хабарлады министрлік.